жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Сауд Арабиясы спорт саласындағы байланысын нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Сауд Арабиясы спорт саласындағы байланысын нығайтуға ниетті
ҰОК
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Сауд Арабиясы ҰОК-нің вице-президенті, ханзада Әл Сауд Фахад бин Джалави бин Абдулазиз Әл Саудпен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ⠀

Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан ҰОК-нің бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Сауд Арабиясы Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеттерінің бас хатшысы мен бас директоры Абдулазиз Башен қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Сауд Арабиясында өтетін кешенді жарыстарға Қазақстан құрамасының қатысуын талқылады.⠀

Атап айтқанда, 2025 жылдың 7-21 қарашасы аралығында Эр-Рияд қаласында Ислам ынтымақтастығы ойындарының VI жазғы кезеңі өтеді. Сонымен қатар 2026 жылдың желтоқсанында Эр-Риядта жабық ғимараттардағы және жауынгерлік өнер түрлері бойынша Азия ойындары ұйымдастырылмақ. Бұдан бөлек, 2027 жылы Сауд Арабиясы олимпиадалық киберспорт ойындарын қабылдайды.

Сапар аясында Сауд Арабиясы ҰОК делегациясы Астанадағы спорт нысандарын аралады. Бұл нысандарда Сауд Арабиясы мен Қазақстан командаларының бірлескен оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар