Спорт
Қазақстан нысана көздеуден әлем чемпионатында үздік үштікке кірді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 қараша, 2025
- 207
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Нысана көздеуден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында винтовка және тапаншадан 50 метр қашықтыққа үш қалыпта ату бойынша командалық есепте қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Команда құрамында Александра Ле, Елизавета Безрукова және Арина Малиновская өнер көрсетті.
Әлем чемпионаты Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) ұйымдастыруымен Мысырдың Каир қаласында өтіп жатыр. Жарыс 18 қарашаға дейін жалғасады.
Биылғы әлемдік додаға 71 елден 697 спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы сапында ұлттық рейтинг пен республикалық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген елдің ең үздік 15 мергені сынға түсіп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






