жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы нәтижесі қандай болды?

Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы нәтижесі қандай болды?
Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық жас спортшылар Азия ойындарында тарихи нәтижеге қол жеткізді

Қазақстан құрамасы 22–31 қазан аралығында Бахрейннің Манама қаласында өткен ІІІ жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарыс нәтижесі бойынша еліміздің құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады. Қазақстандық спортшылар барлығы 93 медаль иеленді: оның 24-і алтын, 29-ы күміс, 40-ы қола.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметінше, бірінші орынды 147 медаль (63 алтын, 49 күміс, 35 қола) еншілеген Қытай құрамасы жеңіп алды. Ал Өзбекстан спортшылары 81 жүлдемен (37 алтын, 16 күміс, 28 қола) екінші сатыдан көрінді.

Қазақстандықтар жиырмадан астам спорт түрінде бақ сынап, бірнеше жаңа рекорд орнатты. Ауыр атлет Әлихан Әскербай жұлқа және серпе көтеру жаттығуларында жасөспірімдер арасындағы әлемдік, Азия және Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Сондай-ақ жеңіл атлет Максим Сажнев, жүзгіш Александр Румынский және зілтемірші Нұржан Жұмабай да жаңа рекорд иелері атанды.

Ең көп алтын медальді боксшылар иеленді — бес жүлде. Дзюдошылар төрт, ал ауыр атлеттер үш алтын медаль жеңіп алды.

Бұл көрсеткіш – Қазақстан құрамасының тарихындағы ең үздік нәтиже. 2009 жылы Сингапурда өткен алғашқы ойындарда ел қоржынында бар болғаны 14 медаль (4 алтын, 6 күміс, 4 қола) болса, 2013 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен додада 13 медальмен (1 алтын, 4 күміс, 8 қола) 13-орынға табан тіреген еді.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар