жексенбі, 14 желтоқсан, 2025 22:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

Қазақстан V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары өз мәресіне жетті

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 68 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар. Жалпы медальдық есепте қазақстандық команда 45 мемлекеттің ішінде 5-ші орынға тұрақтады.

Аталған жарыста Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт түрі бойынша сынға түсті. Жарыс барысында пара жүзуден 34 медаль, пара қол күресінен 11 медаль, пара үстел теннисінен 7 медаль, пара жеңіл атлетикадан 6 медаль және пара пауэрлифтингтен 6 медаль жеңіп алынды. 

Сонымен қатар голболдан ұлттық құрама алтын медальға, боччадан күміс медальға, ал пара таеквондодан бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді. Пара садақ атудан Қазақстан атынан бір спортшы қатысып, бұл спорт түрі бойынша жүлде тіркелген жоқ.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары 10–13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өтті. Жарысқа 45 елден 1300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар