Турнирге әлемнің 70 елінен 500-ден астам спортшы қатысады
Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыс Алматы облысында Александр Асанов атындағы ату клубында ұйымдастырылады. Әлем кубогының кезеңіне әлемнің 70 елінен 500-ден астам спортшы қатысады.
Турнирде «трап», «скит» дисциплиналары бойынша және аралас командалар арасындағы сайыста сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Әлем кубогының кезеңі 2-11 мамыр аралығында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Елордада шпагамен семсерлесуден жаһандық дода ұйымдастырылады
- авторБақытжан Бекболат
- 2 наурыз, 2026






