Қазақстандық каратэші Ислам ойындарының жеңімпазы атанды
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Никита Тарнакин Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстандық каратэші 84 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Отандасымыз ақтық сында Иордания спортшысы Мухаммед Аджафаримен кездесті. Нәтижесінде Тарнакин шешуші жекпе-жекте 8:3 есебімен жеңіске жетті.