Спорт

Қазақстандық спортшы жүзуден Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты.

Ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті.

Түркия өкілі Дефне Таниг екінші орынға ие болды - 1:02.05. Ал оның отандасы Сехер Кая үздік үштікті түйіндеді - 1:02.42.