жексенбі, 3 мамыр, 2026 14:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің финалына шықты
Фото: ҚТФ
Осылайша, финалға жолдама алған Сандуғаш Кенжебаева — Мария Калякина соңғы бәсекеде Қытай елінің өкілдері Чэнь Янь — Ма Жосимен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Қазақстандық теннисші, WTA рейтингісінде 1 465-орында тұрған Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Луан (Қытай) ITF W15 турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
 
Қазақстандық спортшы ресейлік Мария Калякинамен бірге әуелі тартысты бәсекеде қытайлықтар Яцзин Цао — Юпин Ванды жолдан тайдырды — 2:6, 7:5, 10:7.

Қазақстандық-ресейлік жұп ширек финалда жарыстың 1-ракеткалары, жергілікті теннисшілер Цзяи Ван — Ихань Ванға тап келді.

Қарсыластарының фаворит болғанына қарамастан, Сандуғаш пен Мария бұл жолы да супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 6:2, 2:6, 12:10.

С.Кенжебаева — М.Калякина жартылай финалда тағы да қытайлықтар Линжу Ге — Сяо Танмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда 6:4 есебі тіркелді. Екінші сетте қазақстандық-ресейлік дуэт тай-брейкте сәтті ойнады — 7:6 (7:5).

Осылайша, финалға жолдама алған Сандуғаш Кенжебаева — Мария Калякина соңғы бәсекеде Қытай елінің өкілдері Чэнь Янь — Ма Жосимен чемпиондық атақты сарапқа салады.

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар