Спорт

Қазақстандық жүзгіш Александр Румынский Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық жүзгіш Александр Румынский 100 метрге арқамен жүзу бәсекесінде қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Румынский бұл қашықтықты 56.44 секундта жүріп өтіп, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Күміс жүлдені Қытай спортшысы Цзы Шицы 56.56 секундтық нәтижесімен жеңіп алса, қола медаль Тайбэй өкілі Кай Чанға (56.78) бұйырды.