Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатын 10 медальмен аяқтады
- авторСадуақас Айсұлу
- 2 қазан, 2025
- 346
Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен су спорттары бойынша 11-ші Азия чемпионаты мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы екі эстафеталық жарысқа қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ерлер арасындағы 4×100 метр еркін жүзу эстафетасында ел намысын Әділбек Мусин, Глеб Коваленя, Ғалымжан Балабек пен Даниил Черепанов қорғады. Спортшыларымыз бұл сында 3:22.10 уақыт көрсетіп, төртінші орынға табан тіреді.
Сондай-ақ қазақстандықтар аралас 4×100 метрлік эстафетаға да қатысты. Айбат Мырзамұратов, Софья Сподаренко, Максим Сказобцов және София Әбубәкірова сынға түсіп, 3:56.46 нәтижесімен төртінші орыннан көрінді.
Жалпы чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алды. Оның ішінде:
Алтын медаль:
Әділбек Мусин — 50 метр баттерфляй
Күміс жүлдегерлер:
Максим Сказобцов — 100 метр баттерфляй
София Әбубәкірова — 50 метр арқамен жүзу
Глеб Коваленя — 50 метр еркін стиль
Айбат Мырзамұратов — 50 метр брасс
София Әбубәкірова — 50 метр баттерфляй
Қола медаль иегерлері:
Софья Сподаренко — 100 метр баттерфляй
Максим Сказобцов — 50 метр баттерфляй
Софья Сподаренко — 50 метр баттерфляй
Қазақстанның аралас құрамасы — 4×100 метр еркін жүзу эстафетасы
Айта кетейік, су спорты түрлерінен Азия чемпионаты 28 қыркүйекте басталып, 10 қазанға дейін жалғасады. Алда ұлттық құрамаларымыз су добынан және көркем жүзуден өз өнерлерін көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025




