Азия чемпионаты: Айгерім Сәттібаева қола жүлде иегері атанды
Жекпе-жектің қорытындысы бойынша, төрешілер 5:0 есебімен Номундари Енх-Амгаланды жеңімпаз деп таныды.
Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионатының жартылай финал жалғасып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
48 келідегі Айгерім Сәттібаева күндізгі сессияда шаршы алаңның иесі Номундари Енх-Амгаланмен финалдың жолдамасын сарапқа салды.
Қос спортшы да рингтің ортасын иеленуге тырысып, алма-кезек шабуылдаумен болды. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша, төрешілер 5:0 есебімен Номундари Енх-Амгаланды жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, 2024 жылы да Айгерім Сәттібаева Таиланд төрінде қола жүлдегер атанған.