жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Бұл – менің кінәм»: Әли Әлиев қызметінен кетті

«Бұл – менің кінәм»: Әли Әлиев қызметінен кетті
Фото: ҚФФ
Әлиев бұл қызметке биыл қаңтарда келген болатын.

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сәтсіз ойын көрсетіп, небәрі бес матчта үш ұпай ғана жинады. Соңғысы – Бельгияға қарсы кездесу аса ауыр соққы болды: 0:6 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін бас бапкер Әли Әлиев отставкаға кететінін мәлімдеді.

  «Қысқаша айтқым келеді. Болған жеңілістің бәрін өз мойныма аламын. Бұл – менің кінәм. Мен мұнда енді қызмет етпеймін. Барлық жауапкершілікті өзім көтеремін. Өтініш жазып, отставкаға кетемін. Елге барған бойда өзім президентке хабарлаймын», – деді ол матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Әли Әлиевтің жетекшілігіндегі Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді (2:0) жеңгенімен, Уэльске (1:3, 0:1), Солтүстік Македонияға (0:1) және Бельгияға (0:6) қарсы матчтарда жеңіліп, ұпай жоғалтты.

 Ол ресейлік маман Станислав Черчесовты алмастырған еді.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар