Бангкокта өтетін Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Ауқымды шараны World Boxing федерациясы ұйымдастырып отыр
30 шілде мен 12 тамыз аралығында Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған бәсекеге 26 елден 400-ге жуық боксшы қатысатыны белгілі болды.
Қазақстан құрамасы бұл жарысқа үміт артқан үздік спортшыларын қосқалы отыр. Ерлер мен әйелдер арасындағы ұлттық командалар тізімі жарияланып, бапкерлер штабы боксшылардың толық құрамын таныстырды.
Ерлер құрамасы:
50 келі – Нұрзат Оңғаров
55 келі – Бексұлтан Боранбек
60 келі – Нұрислам Қалдыбаев
65 келі – Илья Калинин
70 келі – Нұрбек Мұрсал
75 келі – Аман Қонысбеков
80 келі – Санжарәлі Бегалиев
85 келі – Азатбек Жолдасхан
90 келі – Темірлан Мұқатаев
90 келіден жоғары – Нұрасыл Асылхан
Бас бапкер: Бақыт Сәрсекбаев
Әйелдер құрамасы:
48 келі – Гүлназ Бөрібаева
51 келі – Томирис Мырзақұл
54 келі – Элина Базарова
57 келі – Виктория Байдукова
60 келі – Әсем Таңатар
65 келі – Аружан Жаңабаева
70 келі – Бақыт Сейдіш
75 келі – Шұғыла Нәлібай
80 келіден жоғары – Әсел Тоқтасын
Бас бапкер: Елдос Сайдалин