Спорт

Цинциннати турнирі: Рыбакина жартылай финалда жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 3-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке есе жіберді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 3-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке қарсы келді. Қос спортшы осыған дейін өзара тоғыз рет кездесіп, соның бесеуінде Швентек ұтқан еді.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина есеп 5:4 болып, сетке доп бергенімен, сол мүмкіндігін пайдалана алмады - 5:7. Екінші сетте Швентек бірден алға кетіп, жеңісті уысынан шығарған жоқ - 6:3.