Спорт
Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты
- авторАрайлы Жақсылық
- 27 шілде, 2025
- 576
Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында жүзу сайыстары басталды.
27 шілдеде үш қазақстандық спортшы жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартып, қашықтықты 23.33 секундта жүзіп өтті. Ол 18-орын иеленді. Алайда келесі кезеңге 16 үздік спортшы ғана өтті.
Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 42-орын алды. Ал Арсен Қожахметов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 45-орынмен жарысты аяқтады.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






