Спорт

Дзюдодан жастар арасындағы ел чемпионаты: Жамбыл облысы көш бастады

Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді

Жаңөзен қаласында дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Елдің түкпір-түкпірінен жиналған жас балуандар татамиде өзара мықтыны анықтап, шеберліктерін сынға салды.

Аралас-командалық жарыс форматында өткен чемпионатта командалардың ұйымшылдығы, тактикалық дайындығы мен спортшылардың жеке шеберлігі айқын көрінді. Тартысты бәсекенің нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

Жамбыл облысы – чемпион атанды

Алматы қаласы – күміс жүлдеге ие болды

Жетісу облысы – қола жүлде

Абай облысы – қола жүлде