Спорт
Едіге Емберді Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль иегері атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 10 қараша, 2025
- 220
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Едіге Емберді Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеру жаттығуы бойынша үшінші орын алды. Едіге үздік мүмкіндігінде 152 келіні бағындырып, Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль салды.
Бұл сында мысырлық Абдельрахман Эльсайед 166 келіні көтеріп чемпион атанды, ал әзірбайжандық Равин Алмаммадов 155 келімен екінші орынды иеленді.
Айта кетейік, алда серпе көтеру және қоссайыс нәтижелері бойынша да жүлдегерлер анықталады.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






