Спорт
Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
- авторБақытжан Бекболат
- 16 сәуір, 2026
- 91
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қытайдың Ордос қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Азия чемпионаты бастау алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Шерзод Давлатов өзбекстандық Достон Рузиевті жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Сондай-ақ 66 келіге дейінгі салмақта Аман Бақытжан ширек финалда Тәжікстан өкілі Мехрзод Суфиевті мерзімінен бұрын ұтып, келесі айналымға өтті. Ал Нұрқанат Серікбаев (-66 кг) Оңтүстік Корея спортшысы Ким Сон-Ёнге голден скорда есе жіберіп, енді жұбаныш белдесуінде сынға түседі.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы атынан барлығы 18 атлет қатысуда.
Айта кетейік, Ордос қаласындағы Азия чемпионатына 19 елден 197 татами шебері бақ сынауда.






