Спорт
Елдос Сметов Олимпиадада алған алтын медаль қанша теңге тұрады
- авторМағжан Орынбасар
- 12 тамыз, 2024
- 779
Спортшы Олимпиадада дзюдодан 60 келі салмақта күрескен
Оffside.kz 31 жастағы қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиадада жеңіп алған алтын медальдің құны қанша екенін есептеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Олимпиада медалінің салмағы - 529 грамм, бірақ 95,4 пайызы күмістен тұрады, алты грамы - таза алтын. Алтынның қазіргі бағасына қарасақ, медальдің құны шамамен 950 доллар немесе 450 мың теңге болады.
Егер медаль толығымен алтыннан жасалған болса, оның құны шамамен 41 мың доллар болатын еді. Соңғы рет таза алтыннан жасалған медаль 1912 жылы Стокгольмде өткен Олимпиадада табысталды.
Келесі мақала
Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
«Каспий» футбол клубына бөлінген 27 млн теңге жымқырылғаны белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2024