Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанған Елдос Сметов жанкүйеріне теледидар сыйлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Төрткүл дүние көз тіккен төртжылдықтың басты додасының бірінші күні дзюдо күресінен 60 келіге дейінгі салмақта күрескен Елдос Сметов ұлттық құраманың қоржынына алғашқы алтынды салған еді. Дәл сол күні жерлесімізге көгілдір экранның арғы бетінде отырып болысып, жанкешті жанкүйерлік жасаған жанның бейнежазбасы әлеуметтік желіде желдей есті. Спортшыға шын жүректен тілеулес болған Ғабит есімді азаматтың теледидарының ескі, әрі дұрыс жұмыс істемейтінін оқырмандардан бөлек, олимпиада жеңімпазы да аңғарыпты. Осылайша тарихи жеңістен кейін көпке ұзатпай олқылықтың орнын толтыруды шешкен.
Күні кеше тараздық блогер Бауыржан Шөпбаев тұрмыстық техника сататын дүкендердің біріне танымал бейнежазбаның басты кейіпкерін шақырып, Елдос Сметовтың айтуымен қалаған теледидарын алып берді. Шексіз ризашылық тұнған бейнеде отағасының қымбат әрі көлемді құрылғыны алудан бас тартып, шағын пәтерге шақталған қолайлысын қарастырғанын аңғаруға болады. Бұдан кейін жанкүйер мен Елдос Сметов бейнебайланыс арқылы тілдесті. ⠀
“Алла разы болсын! Көріп отырып көзіме жас келді. Туғанына жанкүйер болғандай ықыласты сезіндім”, - деді Елдос Сметов.
«Қазақфильм» басшысы Азамат Сатыбалды қызметінен кетті
Ұқсас жаңалықтар
«Каспий» футбол клубына бөлінген 27 млн теңге жымқырылғаны белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2024