Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына жолдама алды
Бұл туралы ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Төртінші айналымда Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы, америкалық Мэдисон Кисті үш сетке созылған тартысты ойында жеңді. Кездесу нәтижесі – 6:7 (3:7), 6:4, 6:2. Бірінші сетте тай-брейкте қарсыласына есе жіберген қазақстандық спортшы, келесі екі сетте сенімді ойын көрсетіп, жеңісті өз пайдасына шешті.
Ширек финалда Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы шығады. Бұл кездесу екі мықты теннисшінің тартысты бәсекесіне айналуы күтілуде.