Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын 80-ге жуық спортшы қорғады. Олардың арасында басқа елде туып, Қазақстан атынан барғандары бар. Өкінішке қарай, легионер спортшылардың нәтижесі өте төмен. Бірде-біреуі жүлдеге іліккен жоқ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бірінші бол сайтының жазуынша, олимпиадалық құрамада 11 легионер болған. Басым көпшілігі Ресейден келген. Мысалы, теннистегі Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина жарысқа мүлдем қатысқан жоқ. Алғашқысы Парижге барып тұрып жарақат алғанын айтса, соңғысы Түркиядағы демалысында бронхит болып ауырып қалдым деп сылтауратты. Александр Бублик пен Александр Шевченко жарысты бірінші айналымнан аяқтады. Бұл төртеуі де Қазақстанға Ресейден келген. Бублик пен Путинцева Қазақстан намысын 2012 жылдан бастап қорғап жүрсе, Рыбакина 2018 жылы азаматтық алған. Шевченко тек биылдан бастап Қазақстан туы астында өнер көрсетіп жүр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Каспий» футбол клубына бөлінген 27 млн теңге жымқырылғаны белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2024