Әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 4 қыркүйек, 2025
- 436
Бокстан World Boxing аясында өтетін Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатынында Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жеребе нәтижесі бойынша кейбір салмақта еліміздің былғары қолғап шеберлері бірден 1/4 финалға шықса, тағы бір тобы 1/8 финалда шаршы алаңға шығатыны анықталды. Сондай-ақ әлем чемпионатын 1/16 финалдан бастайтын отандастарымыз бар.
1/4 финал:
80 келіден жоғары: Елдана Тәліпова (Қазақстан) - Грейс Бакл (Англия) пен Селин Ли-Ло (Новая Зеландия) жұбының жеңімпазы.
1/8 финал:
48 келі: Назым Қызайбай (Қазақстан) - Лилия Шелецкий (Венгрия) мен Лам Хон Ки (Гонконг) жұбының жеңімпазы;
51 келі: Алуа Балқыбекова (Қазақстан) - Фатма Мансури (Алжир) мен Мун Гьонг (Оңтүстік Корея);
70 келі: Наталья Богданова (Қазақстан) - Тхокчом Суприя Деви (Индия) мен Дитте Фростхольм (Дания) жұбының жеңімпазы;
75 келі: Надежда Рябец (Қазақстан) - Ван Лина (Қытай);
80 келі: Гүлсая Ержан (Қазақстан) - Ивета Лесинските (Литва).
1/16 финал:
54 келі Элина Базарова (Қазақстан) - Нигина Уктамова (Өзбекстан);
57 келі: Карина Ибрагимова (Қазақстан) - Панагита Кузилу (Грекия);
60 келі: Виктория Графеева (Қазақстан) - Садику Д (Косово);
65 келі: Аида Әбікеева (Қазақстан) - Анна Луца Хамори (Венгрия).
World Boxing ұйымының аясында алғаш рет Ливерпуль (Англия) қаласында өтетін әлем чемпионатына 68 елден барлығы 554 (ерлер - 329, әйелдер - 225) келді.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025





