Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Екі дүркін әлем чемпионы, 65 келі салмақта өнер көрсететін Аида Әбікеева Бразилияда өтіп жатқан әлем кубогының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жартылай финалда қазақстандық боксшы Бельгия өкілі Ошин Дириюмен кездесіп, тартысты жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Енді Әбікеева алтын жүлде үшін финалда өзіне жақсы таныс қарсылас — Өзбекстан спортшысы Навбахор Хамидовамен қолғап түйістіреді.
Келесі мақала
Трамп қатысқан шарада төтенше жағдай орын алды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Мұхамедсабыр Базарбайұлы Бразилиядағы Әлем кубогын жеңіспен бастады
- авторМағжан Орынбасар
- 22 сәуір, 2026






