Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушы Михаил Ломтадзе елорданың «Жеңіс» футбол клубын өз қарамағына алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдағы уақытта клуб базасында заманауи футбол академиясы салынып, онда жасөспірімдер халықаралық стандарттарға сай тегін жаттыға алады. Оларға Қазақстан мен Англияның үздік бапкерлері тәлім береді.
Михаил Ломтадзе осыдан бұрын жария еткен жоспарларын нақтылай түсті:
«Менің арманым – Қазақстан мен Англияда әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру. Мұнда ең талантты жас футболшылар тәрбиеленіп, болашақ жұлдыздарға айналады. Оқыту толықтай тегін болады. Жас спортшылар еліміздің және футболдың отаны саналатын Англияның алдыңғы қатарлы мамандарымен жаттығу мүмкіндігіне ие болады», – деді Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушы.
Айта кетейік, «Жеңіс» футбол клубы 1964 жылы құрылған. Ол еліміздегі ең көне әрі танымал командалардың қатарында.
Клуб өз тарихында үш рет Қазақстан чемпионы атанған (2000, 2001, 2006) және үш мәрте ел Кубогын жеңіп алған (2001, 2002, 2005).
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






