Спорт
Өңірлердегі спорт басқармасының басшыларын енді арнайы комиссия тағайындайды
- авторМағжан Орынбасар
- 6 қараша, 2024
- 353
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді
Өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау тәртібі өзгерді. Бұдан былай басқарма басшылығына ұсынылған үміткерлер ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанынан құрылған комиссияның келісімін алуы керек. Комиссия жұмысына министр Ербол Мырзабосынов жетекшілік етеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Комиссияның жұмысы барысында өңірлік спорт басқармалары басшылығына ұсынылған кандидаттар нақты талаптар бойынша бағаланады. Үміткерлердің саладағы тәжірибесі мен дамыту жоспары болуы, сондай-ақ спорт ғылымының негізі мен менеджментін меңгергені ескеріледі.
Кандидаттарды ұсынуды жергілікті атқарушы органдар және министрлік жүзеге асыра алады. Жергілікті атқарушы орган комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды ғана тағайындайды.
Келесі мақала
Әлімханұлы мен Шираз ақпан айында жұдырықтасады
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
«Каспий» футбол клубына бөлінген 27 млн теңге жымқырылғаны белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2024