Спорт

Нұрдаулет Жұмағали Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Айта кетсек, Нұрдаулет Жұмағалидің бұл Әлем чемпионатындағы 3-үшінші күміс жүлдесі.

Сингапурде өтіп жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында қазақстандық Нұрдаулет Жұмағали күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz sport_comiteti сілтеме жасап.

Сингапурде өтіп жатқан пара жүзуден Әлем чемпионатында қазақстандық Нұрдаулет Жұмағали брасс әдісімен жүзуде 100 м қашықтықты 1:06.64 секундта жүзіп өтіп, күміс жүлдені иеленді. Бірінші орынды бейтарап елінің спортшы Гук Тимофей 1:06.51 уақытымен алса, үшін орынды 1:06.99 секунд нәтижесімен украиндық Федина Алексей еншіледі.

Бұған дейін ол 2022 жылы Медейрада және 2023 жылы Манчестерде алған болатын.

Сингапурдегі пара жүзуден Әлем чемпионатында Қазақстан тарапынан 7 спортшы өнер көрсетуде. Жарыс 21-27 қыркейк аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде 75 мемлекеттен 600-ге жуық спортшы бақ сынауда.

Сингапурда өтіп жатқан бұл турнир Лос-Анджелес 2028 Паралимпиада ойындарының алдындағы жаңа паралимпиадалық циклдің алғашқы ірі жарысы болып саналады.
Бүгінде елімізде 19 паралимпиадалық спорт түрі белсенді дамып, жыл сайын 800-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.