Надежда Рябец бокстан Азия чемпионы атанды
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан құрамасының боксшысы Надежда Рябец Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құрлықтық біріншілікте Рябец 80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Финалда ол Өзбекстан спортшысы Рухшона Парпиевамен кездесті.
Надежда бірінші раундта 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Екінші раундта да ол қарсыласынан белсендірек, дәл соққыларымен басым түсті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Надежда Рябец Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медальді сыйлады.