жұма, 20 наурыз, 2026 13:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚПЛ: Бүгін үшінші тур ойындары басталады

ҚПЛ: Бүгін үшінші тур ойындары басталады
Фото: «Астана» футбол клубы
Бұл турдағы ойындар 20, 21 және 22 наурыз күндеріне белгіленген.

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында үшінші тур ойындары басталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бүгін, 20 наурызда төрт кездесу өткізілсе, 21 наурызда үш, 22 наурызда бір ойын болады.

Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.

Премьер-Лига, ІІ тур ойындары

20 наурыз

15:00. «Қызылжар» — «Ертіс» (youtube KFF League)
16:00. «Атырау» — «Жеңіс» («Qazsport»)
18:00. «Ордабасы» — «Қайсар» («Qazsport»)
19:00 «Астана» — «Тобыл» (SPORT+)

21 наурыз

14:00 «Оқжетпес» — «Ұлытау» (youtube KFF League)
15:00 «Жетісу» — «Қайрат» («Qazsport»)
17:00 «Ақтөбе» — «Елімай» («Qazsport»)

22 наурыз

15:00. «Алтай» — «Каспий» («Qazsport»).

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар