Спорт

Президент қазақстандық спортшыларды Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионатындағы айтулы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.