Спорт

Шорт-тректен 2026 жылғы әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Әлем чемпионаты 13-15 наурыз аралығында өтеді.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Монреаль қаласында (Канада) өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әлем біріншілігінде еліміздің намысын тоғыз спортшы қорғайды.

Атап айтқанда, әлем чемпионатында Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Айбек Насен, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева және Ольга Тихонова өнер көрсетеді.