жұма, 20 ақпан, 2026 18:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Софья Самоделкина елдік есепте жаңа рекорд орнатты

Софья Самоделкина елдік есепте жаңа рекорд орнатты
Фото: Сали Сабиров
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мәнерлеп сырғанаудан Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина өз мансабындағы рекордтық ұпайын жинап, 10-орынға тұрақтады.

Мұз айдынына он үшінші болып шыққан Софья Самоделкина өз қойылымын мінсіз орындап, 138.99 ұпай еншіледі. Ал қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, отандасымыз 207.46 ұпаймен жеке мансабындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді.

Софья бұған дейінгі рекордтық ұпайын 2021 жылы (205.67 ұпай) алған еді.

Жүлдегерлер:

1-орын. Алиса Лю (АҚШ) - 226.79 ұпай (жеке рекордын жаңартты)

2-орын. Каори Сакамото (Жапония) - 224.90 ұпай

3-орын. Ами Накаи (Жапония) - 219.16 ұпай

10-орын. Софья Самоделкина - 207.46 ұпай

Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындарының тарихында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында тек 2018 жылы ғана Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен. Элизабет Тұрсынбаева сол Ойындарда 12-орынға тұрақтаған болатын. 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар