Спорт

Соня Жиенбаева АҚШ-та өткен ITF W50 турнирінде алғашқы жұптық титулын жеңіп алды

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева кәсіби мансабындағы маңызды жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол АҚШ-тың Остин қаласында өткен ITF W50 сериялы турнирінде жұптық разрядта алғашқы титулын иеленді.

Финалда Соня америкалық серіктесі Саванна Брабуспен бірге Осигве – Смит дуэтіне қарсы кортқа шықты. Кездесу екі сетке созылып, Жиенбаева – Брабус жұбы 6:3, 6:3 есебімен айқын басымдық танытты.

Бұл Соня Жиенбаеваның ITF турнирлері аясындағы алғашқы жұптық трофейі.