сәрсенбі, 6 мамыр, 2026 12:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты
Туризм және спорт министрлігі
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы мергендер клубының базасында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Скит» дисциплинасында финалда сәтті өнер көрсеткен Әсем Орынбай қарсыластарын басып озып, чемпион атанды.

Іріктеу кезеңінен сегіз спортшы финалға жолдама алды. Олар бірнеше раунд бойы бақ сынады. Шешуші сәтте Әсем Орынбай Қытай өкілі Жианг Итингтен басым түсіп, жеңіске жетті.

Жүлдегерлер:

1-орын – Әсем Орынбай

2-орын – Жианг Итинг (Қытай)

3-орын – Мартина Бартоломей (Италия)

Айта кетейік, 2023 жылы Әсем Орынбай осы Әлем кубогының кезеңінде де жеңімпаз атанған. Сонымен қатар оның еншісінде әлем чемпионатының қола жүлдесі, Әлем кубогының, Азия ойындарының және Азия чемпионатының алтын медальдары бар.

Әлем кубогы 10 мамырға дейін жалғасады. Жарысқа 43 елден келген 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар