Спорт
Су спорт түрлерінен әлем чемпионаты: ашық суда жүзуден қазақстандықтардың нәтижесі
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 шілде, 2025
- 453
20 шілдеде ашық суда жүзуден аралас эстафеталық жарыстар аяқталды.
Қазақстан құрамасы сайыс қорытындысы бойынша 11-орынды иеленді. Алтын медаль Германия құрамасына бұйырды. Екінші орынды Италия иеленсе, жеңіс тұғырының үшінші сатысына Венгрия жайғасты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz olympic.kz cілтеме жасап.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар 3 шақырым қашықтыққа ашық суда жүзуден сынға түскен болатын.
Бұл дисциплина бойынша Қазақстан құрамасының сапында ең үздік нәтижені Лев Черепанов көрсетті.
Отандасымыз жартылай финалға өтіп, 12:00.40 уақыт көрсеткішімен 20-орынға тұрақтады.
Ал Ғалымжан Балабек іріктеу кезеңін 18:01.90 нәтижемен аяқтап, 20-орын иеленді.
Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Мария Федотова 18:21.00 көрсеткішімен 14-орынға, Дарья Пушко 20:08.70 нәтижесімен 49-орынға жайғасты.
Келесі мақала
Қостанайда 10 жастағы бала су айдынында қаза тапты
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






