Спорт

Теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті

Жиенбаева 19 жаста және мансабында ITF титулын екі мәрте жеңіп алған.

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Линкольн қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінде ширек финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы 1/8 финалда америкалық Вирджиния Крокермен күш сынасты. Нәтижесінде отандасымыз 6:0, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Ширек финалда Жиенбаева Эдда Мамедовамен (Ресей) кездеседі.