The Ring Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен алып тастады
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы дивизионда тізімнің көшін бастап тұрған еді.
Беделді The Ring журналы орта салмақта өнер көрсететін кәсіпқой боксшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Басылымның X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында шыққан рейтингте Жәнібек Әлімханұлының аты аталған жоқ.
Рейтингтің өзгеруіне қазақстандық боксшының допингке қатысты жағдайы себеп болғаны хабарланды. Бұған дейін көш басында тұрған Әлімханұлы тізімнен алынып тасталып, қалған боксшылар бір саты жоғары жылжыған.