жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Токиода өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдері белгілі болды

Токиода өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдері белгілі болды
olympic.kz
28–30 қараша күндері Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді.

Аталмыш додаға қатысатын қазақстандық спортшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, турнирге еліміздің атынан 14 спортшы қатысады. Олардың қатарында 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар.

Толық құрам төмендегідей:

Ерлер

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан 

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев

73 келіге дейін: Есет Қуанов

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев

Әйелдер

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова

57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева

63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

Турнир 28-30 қараша аралағында өтеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар