Спорт

WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты қандай шешім шығарғаны мәлім болды

Жәнібек Әлімханұлы бір жылға кәсіби жекпе-жектерден шеттетілді.

World Boxing Organization орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты бір байламға келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Спортшының мельдонийге тапсырған допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін ұйым оны бір жыл мерзімге кәсіби айқастардан уақытша шеттету туралы шешім шығарды.

Дисквалификация кезеңінде Жәнібекке ресми кездесулерге де, көрме форматындағы жекпе-жектерге де қатысуға тыйым салынады.

Сонымен қатар, орта салмақтағы дивизионның белсенділігін төмендетпеу және рейтингтегі үміткерлердің мүддесін қорғау мақсатында WBO уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуге рұқсат беретінін мәлімдеді.