сәрсенбі, 11 ақпан, 2026 20:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үздік бестікте: Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарының финалына шықты

Үздік бестікте: Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарының финалына шықты
Фото: Сали Сабиров
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында көпшілік асыға күткен мәнерлеп сырғанаудан ерлер бәсекесінен финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің қысқа бағдарламасында 92.94 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы (29 қатысушы):

1.Илья Малинин (АҚШ) - 108.16 ұпай

2.Юма Кагияма (Жапония) - 103.07

3. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 102.55 ұпай (мансабындағы жеке рекорды)

4.Даниэль Грассль (Италия) - 93.46 ұпай

Шешуші еркін бағдарлама 13 ақпан күні Астана уақытымен 21:00-де өтеді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан ел тарихында Денис Тен 2014 жылы Сочи Олимпиадасының қола жүлдесін алған еді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар