сейсенбі, 7 сәуір, 2026 0:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли реванш өткізуі мүмкін

Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли реванш өткізуі мүмкін
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly
Жәнібек Әлімханұлының дисквалификация мерзімі биыл желтоқсанда аяқталады деп күтілуде.

Лондонда өткен бокс кешінде британдық Дензел Бентли кезекті жеңісіне қол жеткізіп, WBO нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол венесуэлалық Эндри Саавердамен жұдырықтасып, жетінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жек барысында Бентли айқын басымдық танытып, төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Осы жеңістен кейін британдық боксшы үшін келесі маңызды кезең – толыққанды чемпиондық атаққа талас. Бұл үшін ол қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен шаршы алаңда жолығуы тиіс.

Айта кету керек, екі боксшы бұған дейін де кездескен. 2022 жылдың қараша айында өткен жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Қазіргі таңда қазақстандық боксшы рингке оралуын күтуде. Ол 2025 жылы Эрисланди Ларамен жекпе-жек алдында допинг қолданғаны үшін жазаланып, IBF чемпионы атағынан айырылған еді. Сонымен қатар WBO ұйымы оны бір жылға спорттан шеттеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, Әлімханұлының дисквалификация мерзімі биыл желтоқсан айында аяқталады. Осыдан кейін оның рингке қайта оралып, Бентлимен реванш өткізуі әбден мүмкін.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар