Спорт

Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерін қуантты

Кәсіпқой боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында келісімшартқа қатысты жағымды жаңалықпен бөлісті

Кәсіпқой бокстың жұлдызы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында келісім-шарттың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді.

«Шешіліп қалды! Келісім-шарт 2–3 күнде біту керек! Осы апта жариялайтын шығар! Зор жаңалық болады бұйыртса!» – деп жазды Әлімханұлы.

Бұған дейін белгілі бокс инсайдері Бернардо Пилатти WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес арасындағы біріктіру жекпе-жегі 2025 жылдың соңына қарай өтетінін болжаған еді. 

Айта кетейік, Жәнібектің соңғы жекпе-жегі биыл сәуір айында Астанада өтті. Ол кезде қазақстандық боксшы француз спортшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын.