Спорт
Жамбылдықтар Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті Алматы әуежайынан күтіп алды
- авторМағжан Орынбасар
- 5 тамыз, 2024
- 1.7k
ХХХlll жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов елге оралды
Ел мерейін асқақтатқан спортшыны жүздеген жамбылдық жанкүйерлері Халықаралық Алматы әуежайынан күтіп алып, ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әуежайға спорт саңлағының ата-анасы, туған-туыстары, бір топ жамбылдықтар келді, оның ішінде спорт ардагерлері, спортшылар мен бапкерлер, белсенді жастар бар.
Олар зор қуаныш, құшақ-құшақ гүл шоқтарымен жиналды.
Өз кезегінде Елдос Сметов қолдау көрсетіп, ыстық ықылас танытқан барша қазақстандықтар мен жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, Елдос Сметов Париж (Франция) қаласында өтіп жатқан төртжылдықтың басты додасында жеңіс тұғырынан көрініп, ел тарихында дзюдодан Олимпиаданың тұңғыш чемпионы атанды.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан құрамасы Бразилиядағы Әлем кубогында үш алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 сәуір, 2026
Спорт
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2026





