жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жастар арасында әлем чемпионаты: дзюдошы Дана Әбдірова екінші орын алды

Жастар арасында әлем чемпионаты: дзюдошы Дана Әбдірова екінші орын алды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Отандасымыз жарыс барысында бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады

Қазақстандық жас дзюдошы Дана Әбдірова (57 келі) Перудің Лима қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Отандасымыз жарыс барысында бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде Эльвира Гурьеваны (IJF), Коралина Сиенниканы (Польша) жарыс жолынан шығарды.

Ал ширек финалда жапониялық Уено Асукадан басым түссе, жартылай финалда Андраде Жованнаны тізе бүктірді. Отандасымыз финалда жапониялық жас дзюдошы Мио Шираканеге есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Әлемдік додада 18 балуан ел намысын қорғайды. Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметінше, ұлттық құрама сапына төмендегідей дзюдошылар енген.

Беделді бәсекеде еліміздің атынан ұлдарда Талғат Орынбасар мен Телжан Сұлтанбай (60 келі), Ақылжан Жұбатқанов пен Қайырхан Абдрахман (66 келі), Омар Нұрбергенов (73 келі), Даниил Крылов пен Арман Билалханов (90 келі), Асқар Бержанов (100 келі), Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) татамиге шығады.

Ал қыздардан Дана Әбдіровадан өзге Тасним Әбдуәлі мен Сабина Юлдашбекова (48 келі), Нұрайлым Сәрсенбек пен Аяулым Қайрат, Дильназ Досберген (63 келі), Көркем Орынбек (70 келі), Анастасия Нагачевская мен Салтанат Ахметова (78 келі) секілді балуандарға сенім артамыз.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар