Жуалылық боксшы Бибарыс Әшірбай әлемдік турнирде топ жарды
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 наурыз, 2026
- 275
Таиландта өтіп жатқан халықаралық Futures Cup турнирінде қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай чемпион атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына турнирдегі төртінші алтын жүлде түсті.
Бибарыс Әшірбай – Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданында дүниеге келген.
Жарыс барысында Бибарыс бірнеше мықты қарсыласын ойсырата жеңді.
Атап айтқанда, 1/32 финалда тәжікстандық Мухаммад Мамадалиевті 5:0 есебімен ұтса, 1/16 финалда иорданиялық Анас Абсоулды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ал 1/8 финалда оңтүстіккореялық Джунхю Юды бірінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді.
Сондай-ақ, ширек финалда америкалық Асанте Ламарды 3:2 есебімен тізе бүктірсе, жартылай финалда марокколық Марован Жафриді 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Ал финалдық бәсекеде Қырғыз елінің өкілі Ахмади Арвазды 3:2 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің барлық кезеңінен сәтті өтіп, Futures Cup турнирінің чемпионы атанды.
Референдум – 2026: Кәсіпкерлер де өз таңдауын жасады
Ұқсас жаңалықтар
Сегіз қазақстандық боксшы Futures Cup турнирінің финалына өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 наурыз, 2026






