Дәл осы додада Жамбыл облысының намысын қорғаған Жуалы ауданының тумасы Қазбек Рақышев өзінің мықтылығын дәлелдеп, 100 келі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазбек барлық белдесулерін сенімді өткізіп, қарсыластарына еш мүмкіндік берген жоқ. Әрқайсысы тәжірибелі, елге танымал балуандар болғанына қарамастан, ол өзінің мықты дайындығын, жоғары техникалық мүмкіндігін және төзімділігін толық көрсете алды. Финалдық айқаста да басымдық танытып, чемпиондық атақты зор абыроймен жеңіп алды.
Спортшының бапкерлері де оның қажырлы еңбегін атап өтіп, алдағы халықаралық жарыстарға тыңғылықты дайындықты бастап кеткенін жеткізді. Қазақ күресіндегі мұндай жетістіктер еліміздің ұлттық спортын одан әрі насихаттап, абыройын асқақтата түсетіні сөзсіз.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






