Көгадырда ойын алаңы пайдалануға берілді
Жуырда Көгадыр ауылында балаларға арналған жаңа ойын алаңы қолданысқа берілді. Заманауи стандарттарға сай салынған бұл нысан ауылдың кішкентай тұрғындарына ерекше қуаныш сыйлады. Балалар енді өздерінің бос уақыттарын жаңа әрі қауіпсіз ойын алаңында өткізе алады.











