Заманауи ұстаз қандай болуы керек? Оқушының сабаққа деген сүйіспеншілігін оятатын не нәрсе? Әсіресе техника күн санап дамып жатқан XXI ғасырда оқушыны әлденемен таңдандыру қиынның қиыны. Себебі бүгінгі балаға қарапайым дүниелер қызық емес. Олардың санасы қызық һәм ерекше жаңалықтарды ғана қалайды.
Мұғалім болудың қоғам алдындағы жауапкершілігі өте ауыр. Өйткені қазіргі уақытта баланың білімі мен тәрбиесі оқушының мектепте өткен уақытымен өлшенетіні баршаға белгілі. Сондықтан ұстаздың ұлт ұрпағын ұлылар жолына жетелеуде білімі өзгелерден озық болуы тиіс.
Ұстаз-бар ұлылықты бойына жинаған, білім мен тәрбиені оқушыға қатар беретін, ақ жүректі, жылы жүзді қамқор жан және ұлы тұлға. Әр ұстаз өз шәкірті үшін адамгершілік пен ізгіліктің, мейірімділік пен махаббаттың және бастысы шыдамдылықтың ең жоғары үлгісі болып саналады.
Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Бұл туралы Тараз қаласы Білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.