Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік елден қуылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 қаңтар, 2026
- 173
Іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері заңсыз еңбек қызметін атқарған немесе тиісті құжатсыз жүрген шетелдік азаматтарды анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құқық бұзушылардың бір бөлігі қабылдау-тарату орнына жеткізіліп, бірқатар факті бойынша әкімшілік шара қолданылды. Екі күн ішінде 60-тен астам адам көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 11 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.
Сонымен қатар тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген тұлғалар, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілер анықталды. Жүргізілген тексеру локалдық сипатта болып, алдағы уақытта қаладағы барлық аудандарда кезең-кезеңімен ұйымдастырылатын болады.
«Мақсатымыз – заң талаптарын сақтайтын азаматтарға кедергі келтірмей, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін құқық бұзушылықтарды анықтау. Көші-қон заңнамасын сақтау – тәртіп, қауіпсіздік және ел заңдарына құрмет мәселесі», – деді Алматы қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
17 қаңтарға арналған валюта бағамы
Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда есірткі сатумен айналысқан колледж студентіне үкім шығарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қаңтар, 2026






