жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Ауруханадан қашқан": Түркістанда сотталушы ұсталды

"Ауруханадан қашқан": Түркістанда сотталушы ұсталды
Фото: Polisia.kz
Ұсталған азамат тергеу изоляторына орналастырылды

Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушыны ұстады. Ол Түркістан қаласынан, танысының үйінен табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz   
Бұл оқиғаға қатысты Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов пікір білдірді.

— Ұсталған азамат тергеу изоляторына орналастырылды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті іс шараларды атқарып жатырмыз. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиға биылғы 23 қазанда болған. Сотталушыны ұстау мақсатында ауқымды жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырып, бақылау бекеттерін қойып, сондай-ақ полицияның барлық жеке құрамын жұмылдырған болатынбыз. Бұл жайт менің жеке бақылауымда, — деді облыстық Полиция департаментінің бастығы.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар